Әлем

"Ростех" халықаралық көрмеге арналған әскери ұшақтың фотосын жариялады

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуНебо, след самолета. Архивное фото
Небо, след самолета. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2021
Жазылу
Біріккен авиақұрылыс корпорациясы жаңа техниканың көрсетілімі аптаның басында өтетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде — Sputnik. Ресейдің "Ростех" мемлекеттік корпорациясы өзінің фейсбуктегі парақшасында Халықаралық авиациялық-ғарыш салонының (ХАҒС-2021) бас премьерасына айналуы тиіс жаңа әскери ұшақтың суретін жариялады, деп жазды РИА Новости.

Суретте ол қапатада тұрған күйі бейнеленген.

Біріккен авиақұрылыс корпорациясы жаңа техниканың көрсетілімі аптаның басында өтетінін хабарлады. Авиация саласындағы сарапшы Олег Пантелеевтің пікірінше, бұл жауынгерлік жүктемесі үлкен және авиациялық соққы жасаудың озық құралдарымен жабдықталған бесінші буынға жататын тактикалық жеңіл жойғыш ұшақ болады.

Оқи отырыңыз: Ресей бесінші жойғыш ұшақтарына жасанды интеллект жүйесін енгізеді

Маманның айтуынша, V-тәріздес тіреуіші мен қанатының контуры көзге түсу мүмкіндігін мейлінше төмендететін технологиялардың қолданылғанын білдіреді.

Осы жылы Халықаралық авиациялық-ғарыш салоны он бес жылдығын атап өтеді. Көрме Мсәкеу маңындағы Жуков әуежайының аумағында өтеді. Барлық іс-шара коронавирустың таралуына жол бермеу талаптарын есепке алумен ұйымдастырылады. Сонымен қатар "Ростех" пен Біріккен авиақұрылыс корпорациясының сайттарында трансляция жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
0