Ресей бесінші жойғыш ұшақтарына жасанды интеллект жүйесін енгізеді

© Sputnik / Maksim Blinov / Медиабанкке өтуИстребители Су-27 пилотажной группы "Русские Витязи" и МиГ-29 пилотажной группы "Стрижи" на форуме "Армия-2016"
Истребители Су-27 пилотажной группы Русские Витязи и МиГ-29 пилотажной группы Стрижи на форуме Армия-2016  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Жазылу
Ресейдің гипердыбысты қаруы жоғары технологиялар саласына елеулі өзгеріс әкеліп, әлем нарығында бәсекелестерді және батыстық қаруландыру бағдарламасының авторларын біршама әбігер ететін түрі бар

"Известие" газетінің мәліметі бойынша жаңа физикалық қағидаларға негізделген ресейлік қару алдағы уақытта жауынгерлік сценарий аясындағы маневрлер топтамасында сынақтан өткізіледі. Бұл лазерлік кешендер, гипердыбысты зымырандар мен жасанды интеллекті бар робот техникасы.

"Авангард" және "Кинжал" гипердыбысты зымыран кешендері, "Пересвет" лазер кешені бірнеше жылдан бері жауынгерлік қатарда тұр. С-500 зениттік зымыран жүйесі мен теңізге арналған "Циркон" гипердыбысты зымырандарының сынақтары аяқталуға жақын. "Сармат" континентаралық баллистикалық зымыраны 2022 жылы стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерінің қарулануына тапсырылады. "Посейдон" мен "Буревестник" ядролық кемелері де кезегін күтіп тұр.

Әуе және теңізге арналған зымырандар, Су-57 бесінші буын жойғышы кейбір елдердегі аса қымбат қарулану бағдарламасы технологиялық озықтықты қамтамасыз етпейтінін дәлелдеді. Сондықтан халықаралық қару-жарақ нарығындағы америкалық өнімнің жағдайы мәз болмай тұр.

Многофункциональный истребитель пятого поколения Су-57 - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2021
Су-57 жойғыш ұшағына қызығушылық танытқан елдер саны артты

Ресейдің қарулы күштері 2027 жылдың соңына дейін Су-57 жойғыштарының 76 данасын алады. Әзірше бұл машинаның негізгі сипаттамалары құпия күйде қалып отыр. Алайда Military Watch америкалық журналы 29 маусымда ресейлік Су-57 мүмкіндіктері "АҚШ-тың F-35 жойғыш ұшақтарын пайдалануға кедергі келтіруі мүмкін" деп жазды.

Басылым мәліметі бойынша Су-57 жойғышы алтыншы буын технологиясын, анығырақ айтсақ, жасанды интеллект, лазерлік қару, гипердыбысты зымыранның екі түрін, лазерлік қорғаныс жүйесін, үш есе тартқыш векторы бар Saturn-30 қуатты қозғалтқыштарын қолданады.

2025 жылға дейін Х-47М2 "Кинжал" және Р-37М зымырандарын Су-57 ұшағына интеграциялау аяқталады деп жоспарланып отыр. "Кинжал" Ресейдің әскери-ғарыш күштеріне 2018 жылдың басында берілген болатын. Ол МиГ-31 жойғышы және Ту-22М қашықтықтан бомбалаушы ұшағымен интеграцияланған. Зымыран 10 Махқа дейінгі жылдамдықта нысандарды жоя алады. Жылдамдығы 2000-3000 километр аралығында бағаланып отыр. Бұл Батыс Еуропадағы, Таяу Шығыс пен Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы нысандарды жою мүмкіндігін береді.

Су-57 жойғышымен интеграциялау процесінде Х-47М2 зымыранының көлемі кішірейеді. Осы секілді біраз бұрын ұзақ қашықтыққа арналған Р-37М зымыранының да көлемін қысқартуға тура келді. Су-57 бортындағы "Кинжал" оны кемелерге, қолбасшылық орталықтарған, аэродромдарға, логистикалық тораптар мен басқа да маңыды нысандарға гипердыбысты баллистикалық зымыран арқылы соққы жасау мүмкіндігін береді. Соғыс жағдайындағы төзімділігі мен ұзақ қашықтыққа ұшу мүмкіндігі Су-57 қақтығыстың басында-ақ ықтимал қарсыластың ұшу-қону жолақтарын істен шығарып, жойғыш ұшақтарды жою қабілетін береді.

Российские многофункциональные истребители пятого поколения Су-57 на воздушном параде Победы в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2020
Су-57 жойғышы туралы не білеміз?

Авиатасымалдаушыларда орналасқан америкалық көзге түспейтін жойғыш ұшақтар "Кинжал" шолу аумағында тұратын болса, онда бұл кемелер Су-57 соққысына төтеп бере алмайды. АҚШ жойғыштарының техникалық қызмет көрсету мен ұшу-қону жолағына қатысты жоғарғы талабы да бұл әуе кемелерін тұралап қалуға алып келді. Сол себепті F-35 пен F-22 жойғыш ұшақтары әскери қызмет уақытының басым бөлігін әуеде емес, жерде өткізіп жатыр. Айта кетсек, ресейлік Су-57 байланыс жүйесі және навигациямен мейлінше аз жабдықталған дала аэродромдарынан ұшып-қона алады.

Су-57 жойғыш ұшағы мен оның қару-жарағы америкалық F-35-ке қарағанда соғысты жүргізуге әлдеқайда бейім. Ұшақ жылдамдықты сағатына 2600 километрге дейін арттыра алады. Ресейлік жойғыш ұшақ бортында кемінде "әуе-әуе" дәрежесіндегі алты Р-37М зымыранын алып жүре алады. Military Watch басылымы бүгінде Р-37М гипердыбысты зымыраны әлемдегі соғысуға қабілетті техниканың бірі екенін және оған болашақта дайын болған кезде АҚШ пен Қытайдың AIM-260 пен PL-XX ұшақтары ғана оған қарсы тұра алатынын жазды.

Су-57 ұшағының қуатты датчиктерімен үйлестірілген ресейлік Р-37М зымыраны 400 километрге дейінгі қашықтықта нысандарды жоя алады, 6 Мах шегіндегі жылдамдығы бар және маневрлілігі жоғары. Зымыранда көзге түсу деңгейі төмен жойғыштарды құлату үшін қолдануға болады. Алайда Р-37М жанармай тасуға арналған ұшақтарды және радиолокациялық ұшақтарын да жоя алады. Ал бұл қос ұшақ америкалық F-35 пен F-22 техникасы үшін ауадай қажет.

Осы туралы Military Watch та жазды: "Бұл әмбебаптылық бесінші буын жойғыштары арасында жоғары жетістік ретінде қаралады. Себебі америкалық F-35A ұшағында оған тең келетіндей қару жоқ. F-22 мен қытайлық J-20 мүмкіндіктері де соншалық жоғары емес. Оның үстіне ресейлік емес ұшақтардың ешқайсысы "әуе-әуе" гипердыбысты зымырандарын қолданбайды".

Америкалық F-22 Raptor бесінші буын жойғышының соғыс кезіндегі мүмкіндіктері айтарлықтай төмен. Соған қарағанда АҚШ F-22 мен F-35 жойғыш ұшағын құрастыру кезінде қару-жарағы осал мемлекетпен ғана соғысамын деген ойды басшылыққа алған секілді.

Америка Құрама Штаттары F-35 жойғышы ресейлік Су-57 салдарынан алдағы уақытта халықаралық қару-жарақ нарығында үлкен бәсекелестікке тап болатынын мойындап отыр. Өңірдегі көрші мемлекеттерде әскери-әуе күштері нығаюына байланысты Алжир  бірінші болып Су-57Э ұшағының 14 бірлігіне тапсырыс берді. Келісімшарт құны 2 миллиард долларды құрайды. Батыс сарапшылары Су-57 виртуалды кезегінде ондаған ел тұр деп пайымдады. Мысалы Вьетнам бесінші буын жойғышының 24 данасын сатып алмақшы.

Жаңалықтар
0