Әлем

Путин "Россия сегодня" ақпарат агенттігін 80 жылдығымен құттықтады

Жазылу
"Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігі кеңестік ақпарат бюросының мұрагері болып саналады

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым - Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин "Россия сегодня" агенттігінің ұжымын 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.  Құттықтау телеграммасы бейсенбіде Кремль сайтында жарияланды.

РФ көшбасшысы агенттік тарихы 1941 жылдың 24 маусымынан – кеңестік ақпарат бюросы құрылған күннен бастау алатынын атап өтті.

"Соғыс басталған алғашқы күннен-ақ бюро қызметкерлері жауға қарсы күресте өз шептеріне жайғасып, кәсіби, азаматтық, адами борышты жоғары деңгейде орындады", - деді Путин.

"Кеңестік ақпарат бюросының ақпараттар жинағы", "Майданнан және майданға хат" сынды хабарламаны бүкіл ел тыңдады.

"Танымал журналистер мен тілшілер, кеңестік жазушылар мен публицистер Илья Эренбург пен Михаил Шолохов, Алексей Толстой мен Валентин Катаев кеңестік ақпарат бюросында еңбек етуді үлкен мәртебе деп санады", - деп жазылған телеграммада.

Белгілі диктор Юрий Левитанның кеңестік ақпарат бюросындағы хабарламасынан КСРО азаматтары Ұлы Жеңіс туралы хабар естіді.

Оқи отырыңыз: ҰОС басталуының 80 жылдығына орай Путиннің мақаласы жарық көрді

"Сіздерді айтулы мереке – "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің 80 жылдығымен құттықтаймын. Сіздерге осы күнге дейін қол жеткізген жетістіктермен шектелмей, одан әрі белсенді дамып, дарынды мамандар тәрбиелеуге тілектеспін. Бар жақсылықты тілеймін", - деп жазылған Путин хабарламасында.

РФ президенті агенттік ұжымы "өз істерін адал атқаруды жалғастырып келе жетқанын" атап өтті. Ол "Россия сегодня" елдің тыныс-тіршілігіне белсене атсалысып, халықаралық ақпарат кеңістігіндегі көшбасшылар қатарында тұр.

Жаңалықтар
0