17:09 05 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (2570)
5679 0 0

Ресей астанасында карантин шаралары қатаңдатылып, бірнеше қоғамдық сала қызметкерлері үшін міндетті вакциналауды енгізуді қарастырып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым — Sputnik. Мәскеу мэрі Сергей Собянин қалада коронавирус жұқтырғандарға қатысты жағдай күрт ушығып жатқаны туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды РИА Новости.

Күні бұрын қалада вирус жұқтырғандар саны 6 мыңнан асты. Бүгін бұл көрсеткіш 9 мыңға жетеді деген болжам жасалды. Сонымен қатар Собянин бұрынғыға қарағанда қазір науқастардың жағдайы күрт нашарлауы ерте байқалып жатыр.

"Мұндай көрсеткіш бізде болған емес. Вирус жұқтырғандардың көбінің бірнеше күннің ішінде жағдайы нашарлап, ауруханаға жатуға мәжбүр екені тіпті қорқынышты. Бұған дейін науқастар коронавирусқа шалдыққаннан кейін 10-14 күннен соң ғана ауру асқынса, қазір ауыр симптомдар бесінші күні-ақ анықталып отыр", - деді ресейлік елорда мэрі.

Ол қала билігі уақытша қатаң карантиндік шектеулер енгізілетінін және қоғамдық тамақтану орындары мен көлік саласының қызметкерлері вакцина салдыратынын еске салды.

Біраз бұрын коронавирустың таралуын тоқтату мақсатында Мәскеуде 15-19 маусым демалыс күні деп жарияланды.

Оқи отырыңыз: Көрші елдерде індет қайта өршуде: Мамин тапсырма берді

Мәскеудегі Роспотребнадзор сауда, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, көлік, денсаулық сақтау, ТКШ, КФО, білім беру, мәдіниет саласы және балалармен жұмыс істейтін ұйымдардағы қызметкерлердің міндетті түрде екпе салдыруы туралы қаулы шығарды. Тамыздың ортасына дейін аталған мекемедегі қызметкерлердің 60%-і вакцина салдыруы керек.

14 маусымнан бастап Мәскеуде коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар арасында бас жүлдеге автомобиль тігілген ойын жарияланды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2570)
Кілт сөздер:
карантин, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып