00:27 13 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.15
  • EUR519.12
  • RUB5.96
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
61 0 0

"Солтүстік ағын – 2" газ құбырының құрылысы аяқталуға жақын екені туралы жаңалық Украинаны абыржытпай қоймады

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым — Sputnik. Кеше ғана АҚШ президенті Джо Байден Украинаның көшбасшысы Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Америкалық тараптың пікіріне қарағанда, әңгіме ауаны Украинаның аймақтық бүтіндігі мен дербестігіне қатысты ресми қолдаулардан аспаған сыңайлы, деп жазды РИА Новости.

"Солтүстік ағын – 2" газ құбырының құрылысы аяқталуға жақын екені туралы жаңалық Украинаны абыржытпай қоймады. Себебі батыстағылар аталған газ құбыры Украинаның газ тасымалдаушы жүйесін істен шығарып, елді жыл сайын көгілдір отынды Еуропаға тасымалдаудан түсетін миллиардтаған доллардан айырады деп сендіріп келеді.

Ақиқатын ажыратып көрелік. 2019 жылдың соңында "Газпром" мен "Нафтогаз" өткен жылы ресейлік кәсіпорын 65 миллиард текше метр, 2021-2024 жылдар аралығында жыл сайын 40 миллиард текше метр газ айдауын қарастыратын келісімшартқа қол қойды. Бұл құжат бойынша "Газпром" іс жүзінде аз көлемде газ айдаса да, толық транзиттің сомасын төлеуі керек болды.

Солай болды да. 2020 жылы Украина аумағында жалпы көлемі 55,8 миллиард текше метр газ тартылды. Бұл соңғы 30 жылдағы мінсіз антирекорд. Жобалық қуаты жылына 140 миллиард текше метр газды құрайтын УГТЖ-ның бүгінде үштен бір бөлігі бос тұр.

2014 жылы "Нафтогаз" басшысы Андрей Коболев УГТЖ құнын 25-35 миллиард долларға бағалап, еуропалық компанияларды үлескер ретінде акцияларды сатып алуға шақырды. Олардың қатарында поляктардың PGNiG, швейцариялық AOT Energy, италиялық Snam S.p.A. және словакиялық Eustream a.s. болды. Бірақ киевтік тарап компанияның бақылаушы пакетін өзіне қалдырып, акциялардың тек 49 проценті сатуды ұйғарды. Нәтижесінде сатып алушылардың жоқтығына байланысты тендер іске аспады.

2018 жылы аталған компанияны Коболев 14 миллиард долларға бағаласа, 2019 жылы оператор ретінде ғана қызмет еткен "Укртрансгаз" құны небәрі 1,45 миллиард доллармен шектелді.

Соңғы Майданнан кейін Ресей мен Украинаның қарым-қатынасы бұзылғаны жасырын емес. Бұл істе АҚШ-тың тікелей жауапкершілігі бар. Жалпы америкалықтар УГТЖ-ға әлі де қызығушылық танытып отыр. Себебі "Солтүстік ағын - 2" жобасы іске қосылғаннан кейін украиналық транзит өз маңыздылығы мен өзектілігін жоғалтпайды.

Нидерландының ресми коммюникесіне сәйкес, келесі жылы жазда Гронинген бассейнінің шекарасындағы табиғи газ өндіру толық тоқтатылады. Яғни Еуропа Голландияның солтүстігінен жеткізілетін 25 миллиард текше метр газдан қол үзгелі тұр. Мұндай ауқымды көлемнің орнын украиналық транзитті қоса алғанда Ресейден газ жеткізуді сақтау және арттырудың арқасында ғана толтыруға болады.

Қалыптан тыс төмен температура байқалмаған 2021 жылдың маусымында еуропалық хабта табиғи газ бағасы мың текше метрі үшін үш жүз доллар шамасында тұр. Бұл рекорд болмағанымен, елемей қоятындай аз да емес. Еуропада жылыту маусымы басталатын 15 қазанда көгілдір отын бағасы қанша болатынын болжауға ешкім дауалар емес. Алайда мамандар пандемиядан кейінгі қалпына келу жылында ол баға едәуір жоғары болатынына сенімді.

16 маусымда Женевада ресейлік және америкалық президенттердің кездесуі өтеді. Бұл басқосуда Украина мен Еуропаға газ жеткізу мәселесі талқыланатыны анық.

Егер АҚШ транзит кестесінен Украинаны алып тастап, жеткізулерді өзі бақылайтын болса, онда Вашингтон Еуроодақ саясатына тікелей ықпал етіп қана қоймай, көлемді табысқа кенеледі. Бұл барлығы үшін тиімді болатын секілді.

Тақырып бойынша

Газ нарығындағы текетірес: ірі жоба іске қосылса Украина қанша шығынға ұшырайды
Байден Еуроодақпен қарым-қатынасты түзеуге кірісті
Медведев: Келісімге келуге дайын болу қажет
АҚШ сұйылтылған табиғи газ экспортын арттырды
Ресей ұлттық мүддені қорғауға кірісті
Кілт сөздер:
Ресей, Украина, газ құбыры
Загрузка...

Басты тақырып