Әлем

"Қара зең" індеті Иракқа да жетті: екі адам қайтыс болды

© AFP 2024 / SEBASTIEN BOZONАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2021
Жазылу
Ирактың Насирия қаласында мукормикозға шалдыққан және одан көз жұмған алғашқы науқастар тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Иракта мукормикоз – "қара зеңді" жұқтырғандар мен қайтыс болғандар тіркелді, деп хабарлайды РИА Новости.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Ди-Кар провинциясында төрт адам осы ауруды жұқтырып, екеуі көз жұмған.

Олардың барлығы да коронавируспен ауырып шыққан адамдар.

Мукормикоз алғаш рет Үндістанда анықталды, қазір елде бұл індет өршіп тұр. Осыдан кейін ауру Египетке жетті.

Тағы оқыңыз: Қазақстан аумағынан үнді штаммы табылды ма

"Қара зең" немесе мукормикозмен, әдетте, иммунитеті әлсіз адамдар ауырады. Ауруды организмге түскен зең споралары қоздырады. Негізінен мұрын қуысы мен көзге таралады. Алғашқы белгілері – тұмау, көздің ісуі, беттің жансыздануы. Мукормикоз ыстық әрі ылғалды климатта тез таралады.

Үндістанда дәрігерлер "қара зеңге" шалдыққан науқастардың көздерін ойып алып тастауға мәжбүр болды.  

Мукормикоз, негізінен, жансақтау мен жасанды тыныс алдырту аппаратында ұзақ жатқан адамдарда анықталатыны хабарланды.

Жаңалықтар
0