Қоғам

Қазақстан аумағынан үнді штаммы табылды ма

© REUTERS / KAI PFAFFENBACHСотрудник лаборатории проводит исследование для создания вакцины против коронавируса
Сотрудник лаборатории проводит исследование для создания вакцины против коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2021
Жазылу
Жуырда ғана Қазақстанға Үндістан мен Мальдив аралдарынан ұшып келген жолаушыларды екі апта үй карантинінде отыруға міндеттейтін қаулы күшіне енді

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ел аумағындағы коронавирус штаммдарын генетикалық зерттеу нәтижесі туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол жаңа мутацияларды анықтау мақсатында ел аумағында тараған коронавирус инфекциясының штаммына тұрақты түрде генетикалық зерттеу жүргізілетінін атап өтті.

"Сәуір айында анықталған сынамаларды зерттеу қорытындысы бойынша, сынамалардың 30%-інен "британдық" штамм табылды. Республика аумағында үнді штаммы анықталған жоқ", – деді Цой үкімет отырысында.

Үндістанда коронавирустың жаңа штаммы елдегі эпидемиологиялық жағдайды қиындатып жіберді. Мутацияға ұшыраған вирус адамдарға тез жұғатынымен және антиденелерге төтеп беруімен ерекшеленеді.

Оқи отырыңыз: Министр Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжамды бөлісті

Қазақстан үнді штаммы енуіне жол бермес үшін тиісті шараларды қолға алды. Оған сәйкес, Қазақстанға Үндістан мен Мальдив аралдарынан ұшып келген жолаушылар екі апта үй карантинінде отыруға міндеттелді. Бұл ереже Үндістаннан үшінші елдер арқылы келетін азаматтарға да қатысты.

Жаңалықтар
0