Әлем

Қазан мектебіндегі атыс: 25 жастағы мұғалімнің қалай көз жұмғаны белгілі болды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуСтрельба у школы в Казани
Стрельба у школы в Казани - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2021
Жазылу
Қазан мектебіндегі атыс кезінде мұғалімнің қандай жағдайда қайтыс болғаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Татарстан астанасы Қазан қаласындағы №175 гимназияға жасалған шабуыл кезінде 25 жастағы мұғалім Эльвира Игнатьева қайтыс болды.

Оның өлімі кездейсоқ болды, деп хабарлады РЕН ТВ.

Телеарна ақпаратына сәйкес, мұғалім шу шыққанын естіп, не болып жатқанын білу үшін дәлізге шыққан. Сол кезде қолында бытыра мылтығы бар жасөспірім оған оқ атқан.

Эльвира Игнатьева институтты қызыл дипломмен бітірген. Әріптестері оның жеке қасиеті мен кәсібилігін жоғары бағалап, еске алуда.

Сонымен қатар ата-аналар балаларды құтқарып қалған тағы бір мұғалім туралы айтты. Атыс кезінде тарих пәнінің мұғалімі сыныптан шығып кеткен, оның орнына 8-сынып оқушылары отырған кабинетке ағылшын тілінің мұғалімі көмекке келген. Бұл туралы РИА Новостиға сол сыныпта оқитын қыздың анасы Кристина Казунина айтып берді.

"Дауыс зорайтқышпен төтенше жағдай болғанын, шұғыл түрде есікті жабу қажет екені хабарланған. Осы кезде олардың мұғалімі шығып, қашып кеткен. Оларды ағылшын тілінің мұғалімі Элия Эльдаровна құтқарып қалды. Оны мүлде бөтен адам деп айтуға болады", - дейді Казунина.

Оның сөзінше, мұғалім шамамен 50 жаста.

Оқушылар жалғыз қалған, ағылшын тілі мұғалімі кіріп, кабинет есігін жапқан. Әйел жарылыс кезінде оқушыларға терезеден секіруге рұқсат бермеген.

Бұған дейін атыс кезінде сынып ішінде түсірілген видео тарады. Оны оқушылардың бірі түсірген.

Видеода балалар партаның астына тығылып отыр, ал мұғалім қабырғаға сүйеніп, есік маңында тұр.

Қазан мектебіндегі атыс

Естеріңізге салсақ, Қазан қаласында 11 мамыр күні 19 жастағы колледж студенті гимназияда атыс шығарды. Салдарынан тоғыз адам, оның ішінде жеті оқушы қайтыс болды. Тағы 21 адам зардап шекті.

Оқи отырыңыз: Атыс, үрей және дүрбелең: Қазан мектебіндегі оқиға қалай өрбіді – видео

Арасында терезеден секіріп аман қалған балалар да бар, алайда екі бала терезеден секіріп мерт болды.

Татарстанда 12 мамырда аза тұту күні жарияланды.

Жаңалықтар
0