Әлем

Танымал актер 90 жасында алтыншы рет әке атанды

© Photo : PexelsСәби
Сәби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кичемасова ресми түрде некеге тұрған соң Красконың бесінші әйелі болады. Ал одан туған бала актердің алтыншы мұрагері атанды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Жақында 90-ға толған кеңестік және ресейлік актер Иван Краско алтыншы рет әке атанды. Бұл туралы "Первый каналдың" "На самом деле" ток-шоуына сілтеме жасай отырып, lenta.ru хабарлады.

Краско бағдарлама эфирінде өзінің қызы бар екенін айтты. Сәби 2020 жылы 4 желтоқсанда дүниеге келген.

"Егер сүйіспеншілік болса, онда баланың тууына ешқандай кедергі болмайды", – деді актер.

Бағдарламада халық әртісінің зайыбы әрі баланың анасы ретінде Юлия Кичемасованың есімі аталды. Сонымен қатар, әйелдің жасанды ұрықтандыру арқылы жүкті болғаны белгілі болды.

Алдағы уақытта ерлі-зайыптылар некені ресми тіркеуге ниетті. Бір қызығы, Краско 30 жастағы Наталья Шевельге үйленгеніне қарамай, Юлиямен бірнеше жыл бұрын кездесе бастаған.

Кичемасова некеге тұрғаннан кейін Красконың бесінші әйелі болады. Ал одан туған бала актердің алтыншы мұрагері атанды.

Оқи отырыңыз: Фотодерек: 81 жастағы Асанәлі Әшімов Алматыда Наурыз мейрамын тойлап жүр

Айта кетейік, бұған дейін 90 жастағы актер Иван Красконың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны хабарланған. Оған ауруханаға жатуға кеңес берілген. Алайда, өкпесінің 45 пайызы зақымданғанына қарамастан ол ауруханаға жатудан бас тартты.

Жаңалықтар
0