АСТАНА, 17 наурыз — Sputnik. Танымал қазақ актері әрі режиссері Асанәлі Әшімов Алматыда Наурыз мейрамын тойлауға қатысты.
Мереке М. Әуезов атындағы Қазақ драма театры алдынан басталды.
Мейрамға жиналған қонақтар Халықтар достығы аллеясына ағаш екті.
Асанәлі Әшімов туралы не білеміз
Асанәлі Әшімов 1937 жылы 8 мамырда дүниеге келген. Кеңес дәуірінен бері танымал қазақ театр және кино актері, режиссер, сценарист, педагог, КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның еңбек ері.
Қырық шақты фильмге түскен әрі театр қойылымдарында көптеген рөлді сомдады. 5 кинокартина түсірді.
Әшімов кинорежиссер Шәкен Аймановтың қызы, опера әншісі Майра Аймановамен 35 жыл отасқан. Екеуі екі бала тәрбиелеп өсірді. Айманова 1993 жылы 55 жасында өмірден озды.
Бұдан кейін актер тағы үш рет шаңырақ көтерді. Бастапқы екі некесі ұзаққа созылмаса да, екі әйелінен бір ұл, бір қыз сүйген.
2002 жылы 65 жастағы Әшімов 31 жастағы Бағдатқа үйленді, жас әйел актердің дәрігері болған еді. 2008 жылы қаңтарда 70 жастағы Әшімов тағы да әке атанып, атқамінердің есімін Асанәлі деп қойды.