Әлем

Жаңа жылдан бастап кейбір телефондарда WhatsApp істен шығады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуWhatsApp мессенджері
WhatsApp мессенджері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қосымша операциялық жүйе iOS 9 немесе Android 4.0.3-ге дейін жаңартылмаған құрылғыларда істен шығады

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ескі смартфондарда WhatsApp мессенджері жұмыс істеуін тоқтатады, деп хабарлайды РИА Новости.

Қосымша операциялық жүйе iOS 9 немесе Android 4.0.3-ге дейін жаңартылмаған құрылғыларда істен шығады. Ең алдымен, бұл iPhone 4 және оның ерте шыққан модельдеріне қатысты.

iPhone 4S, iPhone 5, iPhone 5S, iPhone 5C, iPhone 6 және iPhone 6S смартфондарында WhatsApp қайтадан жұмыс істеуі үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді iOS 9-ға дейін жаңарту керек, деп нақтылады басылым.

Тағы оқыңыз: Маман телефондағы WhatsApp чатына қатысты кеңес берді

Бұдан бөлек, хаттарды жоғалтып алмас үшін олардың резервтік көшірмесін жасау ұсынылды.

Жаңалықтар
0