Қоғам

Маман телефондағы WhatsApp чатына қатысты кеңес берді

CC0 / / Приложение WhatsApp на экране мобильного телефона
Приложение WhatsApp на экране мобильного телефона - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа смартфонды іске қосу кезінде телефон нөмірі қолданылады, сол арқылы бұлттан барлық дерек құрылғыға өтеді

АЛМАТЫ, 20 желтоқсан – Sputnik. Жаңа смартфон алған кезде ескі телефон ішіндегі хабарламаларды көшірудің машақаты көп. Алайда техникалық жағынан мұның еш қиындығы жоқ. Тек баптауларды біраз уақыт реттеу керек.

Telecom daily ақпарат-сараптамалық агенттігінің директоры Денис Кусков "Прайм" агенттігіне мұны қалай істеу қажет екенін айтып берді.

Маманның айтуынша, егер бастапқыда деректерді күнделікті іске қосу (активация) таңдалмаса, оны жаңа құрылғыға ауысатын кезде істеу керек.

Сол арқылы телефондағы барлық деректі, суреттерді бұлтқа (cloud) ауыстыруға болады. Бұдан соң деректерді қалпына келтіру оңай.

Жаңа смартфонды іске қосу кезінде телефон нөмірі қолданылады, сол арқылы бұлттан барлық дерек құрылғыға өтеді.

"Мұның бәрі сақталған ақпарат көлеміне байланысты бірнеше минут алады. Айтарлықтай мәселе туындамайды", - деп түйіндеді сарапшы.

Айта кетейік, мамандар гаджеттің істен шығуы мүмкін екенін қуатының тез таусылуы, себепсіз қызып кетуі, сенсордағы ақау арқылы білуге болатынын айтты.

Жаңалықтар
0