Әлем

Кездейсоқ атып жіберді: TikTok-қа видео түсіру кезінде блогер мерт болды

© AP Photo / Rogelio V. SolisВыстрел из пистолета
Выстрел из пистолета - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жиырма жастағы Арелин Мартинес желідегі парақшасында соңғы рет: "Уақыт тоқтамайды, мен де" деп жазған екен

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Арелин Мартинес есімді мексикалық блогер TikTok-қа бейнежазба түсіру кезінде кездейсоқ атылған оқтан мерт болды.

Қайғылы оқиға 2 қазанда Мексиканың Чиуауа қаласында жастардың ұрлық туралы бейнетүсірілім жасау кезінде орын алған. Сценарий бойынша, Арелиннің қолын байлап, көзін матап тастаған. Ал оның қасында тағы бір адам "кепілде" болған.

"Сондай-ақ, желіде тараған видео үзіндісінде "кепілге алынған" екі адамның маңында бірнеше адам жүргені көрінеді. Оның бірі тапаншаны артқы жағынан бағыттап тұрса, тағы бір жас жігіт қаруымен Арелин Мартинесті нысанаға алады", – деп хабарлайды The Sun.

Блогерлердің түсірілім кезінде оқталған шынайы қаруды не үшін қолданғаны белгісіз. Ал жергілікті БАҚ қару "қателікпен" атылды деп жазады.

"Біз қарастырып отырған болжамның бірі – жастар қаруды оқталмаған деп ойлап, әйелді кездейсоқ атып жіберген болуы мүмкін", – дейді Чиуауа қаласының бас прокуроры Сезар Аугусто Пениче Эспехель.

БАҚ-тың хабарлауынша, оқиғадан кейін жәбірленушінің достары оқ атылған сәтте дереу қашып кеткен. Қолы байланған бойжеткеннің жансыз денесі оқиға орынан табылды.

Түсірілім тобына қатысқан 10 адамның бірі полицияға болған жағдай туралы хабарлады. Тәртіп сақшылары атысқа қатысты екі күдіктіні анықтады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.

Оқи отырыңыз: Екібастұздық блогер бала зорлады деген күдікпен қамалды – видео

20 жастағы Арелин Мартинесті жерлеу рәсімі 5 қазанда өтті.

Ол Instagram желісінде соңғы рет: "Уақыт тоқтамайды, мен де" деп жазған екен.

Жаңалықтар
0