Оқиға

Екібастұздық блогер бала зорлады деген күдікпен қамалды – видео

© Sputnik / Алексей Вовк / Медиабанкке өтуСотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото
Сотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екібастұз тұрғыны кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынды, ол 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. Екібастұздық блогер кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 3-1 бөлігі (зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен 40 жастағы ер адам Екібастұздың уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция тергеу құпиясын сақтау мақсатында басқа мәліметтерді хабарлаған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан бап бойынша 12 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сонымен қатар әлеуметтік желіде күдіктінің әпкесі бауырының қылмыс жасамағанын мәлімдеп, видео жариялады. Ол жерде әйел көпшіліктен көмек сұрайды. 

"Сараптама қыздың пәк екенін көрсетті. Екі сараптама жасалды", - дейді әйел видеода.

Оқи отырыңыз: Адам саудасы: полиция үш күн ішінде 50-ден астам қылмысты анықтады

Сондай-ақ, әйел полиция тарапынан қысым көрсетіліп жатқанын хабарлады. Блогердің әпкесі бауырының кәмелетке толмаған үш қызы бар екенінін, оның жақында ғана педофилді ұстағанын айтты.

Жаңалықтар
0