12:38 24 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
282 0 0

АҚШ Норвегия жағалауына USS Seawolf сүңгуір қайығын жөнелту арқылы "Кремльге сигнал" берді, деп жазады америкалық бірқатар БАҚ

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз — Sputnik. АҚШ норвегиялық Тромсе жағалауына Seawolf суасты қайығының келгені туралы мәлімдеп, осылайша "Ресейге сигнал" жолдады, деп жазады The Drive.

Басылым хабарлағандай, мәліметтердің мұншама ашықтығы жасырын сүңгуір қайықтарға қатысты қолданылатын тактикаға тән емес. Мақала авторлары АҚШ ресейлік билікке белгілі бір сигнал жолдап отыр деген болжам келтіруде.

Иран
© REUTERS / WANA (West Asia News Agency) / Ali Khara
Сарапшылардың пікірінше, норвегиялық қаланы таңдау да кездейсоқ емес. Себебі, дәл осы шаһар ресейлік суасты қайықтарының жүру бағытына жақын орналасқан.

Сонымен қатар, Тромсеге ядролық қару тасымалдауға қабілетті америкалық алты стратегиялық В-52Н бомбалаушылары жөнелтілді. Автор америкалық әскери қолбасшылықтың бұл әрекетін "Мәскеуге тікелей бағытталған сигнал" деп бағалады.

Sputnik радиосының эфирінде РҒА АҚШ және Канада институтының әскери-саяси зерттеулер орталығының жетекшісі, бас ғылыми қызметкер Владимир Батюк мәселе Арктика үшін таласта болып отырғанын айтты.

"Екі держава арасында Арктика үшін талас жүріп жатыр. Қазір арктикалық сулар еріп жатыр. Сондықтан, Солтүстік мұзды мұхит қайраңындағы минералды ресурстар әлдеқайда қолжетімді болып отыр. Сонымен қатар, теңіз жолдары, оның ішінде, Солтүстік теңіз жолы қолжетімді болуда. РФ теңіз стратегиясына сәйкес, ол Ресей бақылауында болуы керек, бірақ, америкалықтар оған қарсы болып отыр. Сондай-ақ, жетекші державалардың қауіпсіздік мүдделері де қозғалуда.

Арктика арқылы континентаралық баллистикалық зымырандардың қысқа ұшу жолдары жатқанын айтудың өзі жеткілікті. Бұл стратегиялық бомбалаушыларға да қатысты. Сондықтан, Арктиканың маңызы зор. Мұнда америкалықар өз позициясынан бас тартпайтынын білдіргісі келіп отыр", - деді Владимир Батюк.

Seawolf суасты қайығы және осы жобаға жататын басқа да Connecticut пен Jimmy Carter сүңгуірлер о баста 1983 жылдан бері соққы жасайтын көпнысанды атомдық суасты қайықтары ретінде жасалды. Сұрапыл соғыс аяқталған соң, жоба шығыны мен бюджетті қысқарту АҚШ ӘТК-ні осы типтегі 29 суасты қайығын әзірлеуден бас тартуға мәжбүр етті. Қазір Seawolf суасты қайықтары арнайы тапсырмаларды орындау үшін қолданылады.

Загрузка...

Басты тақырып