11:13 23 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD428.68
  • EUR507.21
  • RUB5.57
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
219 0 0

Еуропа мен Азиядағы көгілдір отын бағасы көпжылдық минимум шегінде тұр. Тіпті АҚШ энергетика министрлігі де америкалық СТГ-ны сатып алудың еш мәні жоқ екенін айтты. Клиенттер осы жылдың жазына жоспарланған жүзден аса жеткізілімнен бас тартты

Баға құлдырады

Өткен жылы АҚШ-тағы табиғи газдың таза экспорты 54,7 млрд текше метрге жетті. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 20,7 миллиардқа артық. СТГ-ның ірі өндірушісі Cheniere Energy мәліметі бойынша, бірінші тоқсанда әлем нарығындағы сатылым көлемі 100 млн тоннаға жеткен. Бұл 2019 жылғы көлемнен 10 миллионға көп. Бұл өсім, нгізінен, америкалықтардың арқасында орын алған, деп жазады РИА Новости. 

Жоспар бойынша 2020 жылы – 67,2 млрд текше метр, 2021 жылы – 79,5 млрд текше метр алынуы тиіс болатын. Бұл көрсеткіштерді қаңтар айында АҚШ Энергетика министрлігінің Энергетикалық ақпараттар басқармасы (ЕІА) мәлімдеген болатын. Алайда, бұл орындалмаған арман күйінде қалатыны қазірден белгілі.

Жылы қыс нәтижесінде ұсыныстың артуы мен коронавирус пандемиясы салдарынан сұраныстың шектелуі Еуропа мен Азияның газ нарықтарын құлдыратты. Сонымен, Еуропадағы TTF голландиялық хабындағы орташа баға осы жылдың алғашқы төрт айында 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе төмендеді. Жапонияға споттық жеткізулер 44%-ке қысқарды.

Сәуір айының өзінде-ақ америкалық СТГ-ны Еуропаға экспорттау экономикалық тұрғыда тиімсіз болып қалды. Ірі еуропалық және азиялық компаниялар маусым-шілде айларына арналған келісімшарттардан бас тартты.

Bloomberg мәліметі бойынша, ААҚШ зауыттарынан СТГ тасымалдау сәуірде 30%-ке төмендеген. Мамыр айына қарай экспорттың қысқаруы үштен бір бөлікті құрады. Бұған коронавирус бойынша шектеулер де әсер етпей қоймады.

Экономикалық тұрғыдан қауқарсыз

АҚШ Энергетика министрлігінің Энергетикалық ақпараттарды басқармасының маусым айына болжамы түңіліске толы. Еуропалық және азиялық сатып алушылар СТГ-ның 110 партиясынан бас тартты: оның 70-і маусым-шілде айларында болса, 40 партия тамыз айында белгіленген. Газды америкалық теңіз терминалдарына жеткізу наурыз айының соңынан бастап екі есеге қысқарды.

"Еуропа мен Азиядағы табиғи газ және СТГ-ның төмен споттық бағасы АҚШ экспортының экономикалық тұрғыда өміршеңдігін әлсіретті", - дейді ЕІА сарапшылары.

Олардың бағалауы бойынша, маусым айында АҚШ-тан Еуропа мен Азияға орташа есеппен тәулігіне 101 млн текше метр газ жөнелтілсе, бұл көрсеткіш шілде мен тамыз айларында 62 миллионды құрамақ. Бұл экспорт әлеуетінің 25%-нен аспайды.

Құлдырау жалғасады

Сарапшылардың теңіздің арғы бетіндегі газдан клиенттердің бас тартуы кемінде жаз соңына дейін жалғасады деген болжамы дәл келді.

Қаңтар айында мүмкіндіктер шегіне дейін үлкен жүктемемен жұмыс істеген америкалық алты СТГ зауыты мамыр айында жүктемені бірден 65%-ке төмендетті. Platts Analytics болжамында шілденің басында бұл 50%-тен де төмендеуі ықтимал екені айтылған.

"Баға артықшылығы жоғалып кеткендіктен, америкалық жеткізулерден бас тарту уақыттың еншісінде болатын", - дейді Америкадағы стратегиялық жән халықаралық зерттеулер орталығының сарапшысы Никос Цафос.

Ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қорының жетекшіс аналитигі Игорь Юшковтың айтуынша, қазір сатып алушылар америкалық СТГ үшін аз баға ұсынып отырғаны соншалық, ол қаражат сұйылту мен тасымалдау операцияларының шығынын да жаппайды. Басты зардап шегуші – Sabine Pass америкалық бірінші әрі ірі терминал: зауыт қуаттылықтары бағаның қымбат кезінде сатып алынып, пайдалануға берілген 2016 жылы жағдй өзгеріп кетті. Сол кезден бері зауыт тек шығын көріп келеді.

Энергетка министрлігінің ақпараты бойынша, АҚШ-тағы СТГ экспорты ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында тәулігіне 218 млн текше метрді құраса, сәуір-мамыр аралығында 17%-ке төмендеген. ЕІА-дағылар табиғи газға әлемдік сұраныс біртіндеп қалпына келіп жатқандықтан, қыркүйек айында жеткізулер өседі деп күтіп отыр.

Газ жеткілікті

Алайда, ірі инвестициялық банктер оптимистік көзқарастан жұрдай. Аналитиктердің пайымдауынша, әлемде отын-жанармайдың үлкен қоры жиналып қалды. Халықаралық СТГ саудасы құлдырап, соның салдарынан америкалық тақтатасшылар үшін маңызды сатылым арналарын бұғаттап тастады. Есесіне, мұнай баррель үшін 40 долларға дейін қайта қымбаттаған соң, мұнайшылар өндіру жұмыстарын жандандырып, ілеспе өнім ретінде нарыққа арзан газ шығара бастады.

Еуропадағы бағаның құлдырауына байланысты оның қажеті де болмай қалды. Сондықтан, шекараға сатудың орнына отын-жанармайды резервуарлар мен қоймаларға қайта айдап жатыр.

Goldman Sachs есебі бойынша, экспорттың кейінге қалдырылуы салдарынан аамерикалық қор 21,52 млрд текше метрге ұлғаяды. Қазірдің өзінде бір жыл бұрын бекітілген деңгей үштен бір бөлікке артып тұр. Қзан айына қарай елдің газды сақтау мүмкіндігі таусылып, СТГ өндірісі рекордық дәрежеге қысқаруы ықтимал.

Загрузка...

Басты тақырып