Әлем

Галереядан шамамен 8 млн теңгенің картинасы ұрланды

© SputnikПосетитель в Мордовском Республиканском Музее изобразительных искусств имени С.Д. Эрьзи в городе Саранске
Посетитель в Мордовском Республиканском Музее изобразительных искусств имени С.Д. Эрьзи в городе Саранске - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам 32 секунд ішінде құны 20 мың доллар болатын картинаны ұрлап әкетті. Оның түрі ешбір камерада көрінбейді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан - Sputnik. АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы Dennis Rae Fine Art галереясынан Сальвадор Далидің картинасы ұрланды. Бірде-бір бейнебақылау камерасында ер адамның түрі көрінбейді. Ол өзінің жоспарын небәрі 32 секунд ішінде жүзеге асырған.

Суретші туындысының құны шамамен 20 мың доллар, деп хабарлайды ABC7 News галерея директорына сілтеме жасап.

Тағы оқыңыз: Алматыда ұры пәтерді үй иесінің көз алдында тонап кетті

Ұрлық кезінде галереяда испан сюрреалистері туындыларының көрмесі өтіп жатқан. Дали өзінің картинасын 1966-1967 жылдары жазды. Оған Пабло Пикассоның шығармашылығы әсер еткен.

Жаңалықтар
0