НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан - Sputnik. АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы Dennis Rae Fine Art галереясынан Сальвадор Далидің картинасы ұрланды. Бірде-бір бейнебақылау камерасында ер адамның түрі көрінбейді. Ол өзінің жоспарын небәрі 32 секунд ішінде жүзеге асырған.
SURREAL HEIST: Brazen thief steals Salvador Dali etching valued at $20,000 from San Francisco art gallery. https://t.co/j78WyTxjqt pic.twitter.com/b3ug4zhTLM
— ABC News (@ABC) 15 октября 2019 г.
Суретші туындысының құны шамамен 20 мың доллар, деп хабарлайды ABC7 News галерея директорына сілтеме жасап.
Тағы оқыңыз: Алматыда ұры пәтерді үй иесінің көз алдында тонап кетті
Ұрлық кезінде галереяда испан сюрреалистері туындыларының көрмесі өтіп жатқан. Дали өзінің картинасын 1966-1967 жылдары жазды. Оған Пабло Пикассоның шығармашылығы әсер еткен.