Әлем

Көңілді отырыста айтылатын әнді үйреніп алған мысық жұртты күлдірді - видео

© Photo : СС0 / Sergiy ZvarychМысық
Мысық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желіде грузин әнін орындаған мысықтың видеосы жылдам таралып жатыр

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. Санкт-Петербургте грузин мақамымен ән шырқаған мысық видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды РИА Новости.

"Мысығым бір-екі грузин әнін үйреніп, айтып берді", — деп жазады мысықтың иесі Юрий Мережко.

Видеоға пікір қалдырған "білгіштердің" бірі мысықтың орындауында отырыстарда шырқалатын ән екенін атап өтті. "Мысығыма тыңдатып едім, мені тамақ жейтін ыдысына алып барды. Отырыста айтылатын ән ғой деймін", — деп жазады желі қолданушысы Виктория Владимировна.

Тағы бірі әннің саяхат жайында екенін айтады: "Мысығым чемоданға алып барды. Бір аптадан соң Грузияға барғалы жатырмын", — дейді ол.

Жаңалықтар
0