АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. Санкт-Петербургте грузин мақамымен ән шырқаған мысық видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды РИА Новости.
"Мысығым бір-екі грузин әнін үйреніп, айтып берді", — деп жазады мысықтың иесі Юрий Мережко.
Когда твой кот выучил пару грузинских песен и решил их исполнить. pic.twitter.com/W6o9APM5qh
— Юрий Мережко (@yoorashka) 14 ноября 2018 г.
Видеоға пікір қалдырған "білгіштердің" бірі мысықтың орындауында отырыстарда шырқалатын ән екенін атап өтті. "Мысығыма тыңдатып едім, мені тамақ жейтін ыдысына алып барды. Отырыста айтылатын ән ғой деймін", — деп жазады желі қолданушысы Виктория Владимировна.
Тағы бірі әннің саяхат жайында екенін айтады: "Мысығым чемоданға алып барды. Бір аптадан соң Грузияға барғалы жатырмын", — дейді ол.