18:23 26 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
507720

Жасөспірім шақтағы семіздік онкологияның даму қаупін ерлерде 3,76 есе, әйелдерде 4,07 есе арттырады

АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Израильдің зерттеу тобы жасөспірім шақтағы семіздік болашақта ұйқы безі қатерлі ісігінің даму қаупін төрт есеге арттыратынын анықтады. Ғылыми еңбек Cancer журналында жарияланды.

Зерттеушілер 16 жастан 19 жасқа дейінгі 1,8 миллион науқастың медициналық картасындағы деректерге талдау жасады. Еңбекте 1967 жылдан 2002 жылға дейінгі медициналық тексерудің нәтижелері ескерілді. Содан кейін олар медициналық картадағы деректерді 2012 жылдың соңына дейінгі ұйқы безі рагына шалдығу оқиғаларымен байланыстыра зерттеді.

Жасөспірім шақтағы семіздік онкологияның даму қаупін ерлерде 3,76 есе, әйелдерде 4,07 есе арттыратыны белгілі болды, деп жазды РИА Новости.

"Жасөспірім шақта семіздіктен немесе артық салмақтан зардап шеккен ерлер мен әйелдер ұйқы безі қатерлі ісігіне көбірек шалдығады", — деп жазылған ғылыми еңбекте.

Тақырып бойынша

Түнде жұмыс істеудің қаупі: ғалымдар жантүршігерлік қорытынды жасады
Ғалымдар ұйықтап жатқанда артық майды кетіретін тағам түрін анықтады
Ғалымдар қыстың өлімге әкелетін қаупі туралы айтты
Шаңырақ шайқалмасын десеңіз: ғалымдар берік отбасының құпиясын ашты
Ғалымдар қатерлі ісікті сумен анықтаудың жолын тапты
Кілт сөздер:
семіздік, қатерлі ісік, ғалымдар, дәрігерлер
Загрузка...

Басты тақырып