Қоғам

Ұйықтар алдында тойып тамақ ішудің қандай қаупі бар?

© Photo : РixabayКешкі ас
Кешкі ас - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғалымдар кешкі асты неге кешіктірмей ішу керектігін түсіндірді

АСТАНА, 12 қараша — Sputnik. Түнге қарай тамақ ішкенді жақсы көретіндер жүрек-қантамыр ауруы мен диабетке шалдығуы мүмкін, деп қорытынды жасады Америкалық кардиологиялық қауымдастық мамандары.

Тоңазытқыш - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Түнде тамақ жеу неге зиян?

Кешкі асты тым кеш ішу мен салауатты емес өмір сүру салты адамның биологиялық ритмін бұзып, кешкі алтыдан кейін тамаққа тойып алатындардың қанында қант пен инсулин деңгейі артып кетеді әрі қан қысымы көтеріледі. Ғалымдар жасаған қорытынды LiveScience журналында жарияланды.

Дәрігерлер 18 бен 76 жас аралығындағы 12,7 мың адамның денсаулығын мұқият бақылауға алған: ұйықтар алдында тамақ ішетіндерде диабетке шалдығу қаупі 19%-ға, ал гипертонияға бейімділік 23%-ға артық болып шықты.

Бұдан бұрын америкалық кардиологтар кез келген зиянды тағамның орнына жаңғақ жеуге кеңес берген еді, өйткені әртүрлі жаңғақ жеуді әдетке айналдыру адам ағзасын артық салмақтан қорғап, жүрек-қантамыр жүйесіне оң ықпалын тигізеді.


Жаңалықтар
0