Әлем

АҚШ-та ұшқыш әйелін өлтіру үшін үйге соғылды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуҰшақ, архивтегі фото
Ұшақ, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін қамауға алынған, одан босап шыққаннан кейін әйелінен осылайша кек алмақ болса керек

АСТАНА, 14 тамыз — Sputnik. АҚШ-тың ЮТА штатындағы Пейсон қаласында пилот жеңіл қозғалтқышты Cessna 525 ұшағымен өзінің үйіне соғылды, үйде әйелі мен ұлы болған. 

Дәурен Қосанов Су-27 жойғышын сынақтан өткізді - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Әскери ұшқыш апаттық жағдайда қонған ұшақпен қайта ұшты

Апат салдарынан ұшқыш қаза болды, әйел мен бала зардап шеккен жоқ, деп хабарлады ABCnews. 

Полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын толығырақ айтып берді. Қаза болған ұшқыш Дуэйн Юд (Duane Youd) болып шықты. Полицейлердің пікірінше, ол әйелінен өш алу үшін ғимаратқа қасақана соғылған. Жексенбі күн жұбайын ұрып-соққаны үшін қамауға алынып, бір сағат бұрын ғана кепілмен босап шыққан екен.

Содан кейін Юд жеке компаниядағы жұмысына барып, ұшаққа отырып, үйге "шабуылдаған".

Мамандардың пікірінше, пилот траекторияны дұрыс есептей алмай, негізгі соққы үйге емес, гаражға жасалған.

Оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр.  

Жаңалықтар
0