АСТАНА, 14 тамыз — Sputnik. АҚШ-тың ЮТА штатындағы Пейсон қаласында пилот жеңіл қозғалтқышты Cessna 525 ұшағымен өзінің үйіне соғылды, үйде әйелі мен ұлы болған.
Апат салдарынан ұшқыш қаза болды, әйел мен бала зардап шеккен жоқ, деп хабарлады ABCnews.
Полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын толығырақ айтып берді. Қаза болған ұшқыш Дуэйн Юд (Duane Youd) болып шықты. Полицейлердің пікірінше, ол әйелінен өш алу үшін ғимаратқа қасақана соғылған. Жексенбі күн жұбайын ұрып-соққаны үшін қамауға алынып, бір сағат бұрын ғана кепілмен босап шыққан екен.
Содан кейін Юд жеке компаниядағы жұмысына барып, ұшаққа отырып, үйге "шабуылдаған".
Мамандардың пікірінше, пилот траекторияны дұрыс есептей алмай, негізгі соққы үйге емес, гаражға жасалған.
Оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр.