21:29 19 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD428.05
  • EUR501.20
  • RUB5.47
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
84 0 0

Шабуыл жасаған жігіт бұрын сол мектепте оқыған

АСТАНА, 28 сәуір — Sputnik. Қытайдың Шэньси провинциясы Юйлинь округы Мичжи уезінде оқушыларға жасалған шабуыл салдарынан тоғыз адам құрбан болды, деп хабарлайды РИА Новости уезд билігіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын 7 адам қаза тапты, 12-сі зардап шекті деп хабарланған еді. Екі бала алған жарақатынан ауруханада көз жұмыпты.

Шабуыл жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18.10-да болған, ол кезде балалар сабақтан шығып, үйлеріне қайтып бара жатыпты. 1990 жылы туған Чжао деген жігіт бұрын сол мектепте оқыған екен. Ол жолында бірінші кезіккен оқушыларды пышақтай бастаған.

Ұсталғаннан кейін Чжао полицияға берген жауабында мектепте әлімжеттік жасаған сыныптастарынан осылайша кегін алмақ болғанын айтқан. 

Тергеу жалғасып жатыр, зардап шеккендер ауруханада.

Кілт сөздер:
оқушылар, жас жігіт, пышақтау, Қытай
Загрузка...

Басты тақырып