Оқиға

ОҚО-да 15 жастағы жасөспірім екі баланы пышақтап тастады

© Sputnik / Табылды Кадырбековпышақ
пышақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
16 жастағы екі жасөспірім Ордабасы аудандық ауруханасына жеткізілді

АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында кәмелеттік жасқа толмаған екі бала пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Оқушылар сарайы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада оқушылар сарайының жанында баланы пышақтап кетті

Полицейлер Ордабасы ауданындағы ауылдардың бірінде жасөспірімдер арасында төбелес болғанын анықтады. Жанжал кезінде 15 жастағы жасөспірім 16 жастағы екі қатарласына пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Сол күні тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол көрші ауылдың 2002 жылы туған тұрғыны болып шықты.

Жасөспірім қамауға алынды. Қазір адам өлтіруге оқталу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бірнеше сарапта тағайындалды. 


Жаңалықтар
0