Әлем

Ұлды болуды армандаған ер адам үш айлық қызын аяусыз ұрып-соқты

© Photo : Jacqueline MacouБала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ерлі-зайыптылардың екі қызы бар екен, ал үшінші қызды әкесі қаламапты

АСТАНА, 23 наурыз — Sputnik. Америкалық азамат үш айлық қызын аяусыз ұрып-соққаны үшін айыпталды, деп жазады mirror.co.uk.

Бала - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Отбасында жанжал шығарған әке тоғыз жасар ұлын ұрып-соқты

Огайо штаты Мейсон қаласының полициясы балаға жәбір көрсетіп, өміріне қауіп төндірген 33 жастағы ер адамды айыптады. Үш айлық қыздың басына зақым келіп, оннан астам сынық алған.

Ер адамның екі қызы бар екен. Прокурордың айтуынша, ол үшінші қызды қаламай, ұлды болуды армандапты. Сонымен қатар, сәбидің "мазасыз" болғанына да ашуланып жүріпті.

Ер адам қызды "жазатайым оқиғадан" кейін ауруханаға әкелген соң, полиция тергеуді бастады. Дәрігерлер жігіттің айтқан сөздеріне күдіктеніпті, өткен аптада ол қамауға алынды.

Жаңалықтар
0