19:20 05 Наурыз 2021
Тікелей эфир
  • USD419.45
  • EUR504.64
  • RUB5.68
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
35310

Қазақстан тумасы қысқы Олимпиадада Беларусь құрамасының құрамында биатлоннан бірінші орынды жеңіп алды

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik.  Беларусь президенті Александр Лукашенко 2018 жылғы қысқы Олимпиадада биатлон эстафетасында жеңіске жеткен Динара Әлімбекова, Надежда Скардино, Дарья Домрачева және Ирина Кривконы "Жеке ерлігі үшін" орденімен марапаттады, деп хабарлады  Sputnik Беларусь.

Белорусь биатлоншылары 22 ақпанда әйелдер эстафетасында үздік атанып, өз еліне Пхенчхан Олимпиадасының екінші "алтынын" сыйлады. 

Биатлоншыларды Беларусь президенті Александр Лукашенко құттықтап үлгерді. Мемлекет басшысы қыздарды "Жеке ерлігі үшін" орденін тапсырды, ал Әлімбекова, Скардино мен Кривко еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды.  

"Қыздар, сіздер нағыз ерлік жасадыңыздар! Әрқайсыңыз ел намысы сынға түскен сәтте аянып қалған жоқсыздар", – деді Лукашенко.

Динара Әлімбекова 1996 жылы Қазақстанда туған. Әкесі – қазақ, анасы – беларусь. Олимпиада чемпионы үш жасында отбасымен бірге Беларуске көшіп кеткен.   


Кілт сөздер:
биатлон, Олимпиада-2018, Динара Әлімбекова, Беларусь
Загрузка...

Басты тақырып