Әлем

Айыппұл төлеуден жалтарған жігіт өз тойына қатыса алмады

CC0 / / Неке жүзігі
Неке жүзігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заң бұзған жігіттің әкесі тойды күйеу жігітсіз өткізуге тура келгенін айтты

АСТАНА, 20 ақпан — Sputnik. Ресейдің Красноярск қаласының тұрғыны төленбеген айыппұлдың кесірінен Өзбекстандағы өз тойына ұша алмады, деп хабарлады РИА Новости Сот жасауылдары федеральдық қызметінің өңірлік басқармасына сілтеме жасап.  

Серуендеп жүрген жастар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодарлық жігіт "сүйіктісіне" үйлену тойына кредит алғызып, қашып кеткен
Жас жігітке 60 мың рубль өндіру туралы іс қозғалғаны хабарланған. Дегенмен борышкер заң өкілдерінің ескертуіне құлақ аспапты. Салдарынан оған шетелге шығуға шектеу қойылады. Бұл туралы ол әуежайға барғанда бір-ақ біледі. Жігіт Өзбекстандағы өз тойына ұшып бармақшы болған. 

Айыппұлды борышкердің әкесі төледі. Оның айтуынша, тойды күйеу жігітсіз өткізуге тура келген. Заң бұзған жігіт Ресейден шығуға тыйым салатын қаулының күшін жоятын мерзім өткеннен кейін ғана Өзбекстандағы қалыңдығына ұшып барған.       


Жаңалықтар
0