04:14 04 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR512.10
  • RUB5.63
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
35 0 0

Тілсіз жаудың неден тұтанғаны әзірге белгісіз, тергеу жүріп жатыр

АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. Жапонияның Саппоро қаласында қарттар үйінде шыққан өрттен кем дегенде 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Ақпаратқа сүйенсек, қарттар үйі сәрсенбі күні кешке өртенген. Оқиға орнына 40 өрт сөндіру тобы жіберілді. 

Ғимаратта 16 қария тұрған, олар тұрмысы төмен азаматтарға төленетін  әлеуметтік жәрдемақы алып жүріпті. 

Өрт сөндірушілер 50 мен 80 жас аралығындағы үш ер адам мен екі әйелді құтқарды. Қалған 11-і – сегіз ер адам мен үш әйел қаза болды.

Загрузка...

Басты тақырып