Әлем

Германиядағы қазақ миға 4 мыңнан астам күрделі ота жасаған

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуОперация
Операция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жәдік Шенол Еуропа елінде өмір сүрсе де қазақтың салт-дәстүрін сақтап, ана тілінде сөйлейді

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Саналы ғұмырының 20 жылын медицинаға арнап, ми, жұлын, жүйке жүйесіне күрделі операцияларды жасап жүрген Еуропадағы қазақ жігітінің есімі әлемге танылып келеді. Нейрохирург Жәдік Шенол Германияда туып, тарихи отанына тек бір рет келген. Десе де ол қазақ тілінде еркін сөйлейді, сонымен қатар, әлемнің жеті тілін жетік меңгерген, деп жазды Kazakh-tv.kz

Жәдік Германияда медициналық білім алып, дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі клиникаларда тәжірибе алмасқан, танымын кеңейту жолында тынымсыз еңбек етіп жүр. Қазір ол Киль университеті ауруханасының нейрохирургі, Еуропа, Азия, АҚШ елдерінде халықаралық конференцияларға қатысады, студенттерге дәріс оқиды.   

Тимати - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақ жігіті Тиматидің компаниясында үздік қызметкер атанды
"Қазір нейрохирургия саласындағы тәжірибем 20 жылға жуықтады. Қазірге дейін 4 мыңнан астам науқасқа нефрохирургиялық ота жасадым. Оның ішінде мидың ісіктерін, мидың тамырындағы ауруларды емдедім, миына қан құйылған, су жиналған адамдар да бар.  Жұлындағы қатерлі іскке ота жасадым", — дейді медицина ғылымдарының докторы Жәдік Шенол. 

Дәрігердің тарихи отанына деген сүйіспеншілігі мен құрметі ерекше. Ол сәті келсе елден келген қазақ балаларына операцияны тегін жасайды. 

"Өзіңіз де білесіз, медицина күн сайын дамып жатыр, күн сайын күрделене түсуде. Соған аз да болса, өз үлесімізді қоссақ дейміз. Одан ары жақсартып, адам баласына пайдамызды тигізгіміз келеді. Науқастардың бізге жаны қиналып келеді. Олар операциядан кейін  риза болып кетеді. Жастарымызға айтарым, қашан да еңбек етіп, өз тілін білсін, жалқау болмасын", — деп толықтырды дәрігер. 

Жәдік Шенол Еуропа елінде өмір сүрсе де қазақтың салт-дәстүрін сақтап, ана тілінде сөйлейді. Оның төрт баласы қазақ жерін мүлдем көрмеген. Жат жерде өсіп-өнсе де,  қазақша еркін сөйлеп ана тілді ұлықтап жүреді.  


Жаңалықтар
0