АСТАНА, 23 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық жас режиссер Абылай Қайыржанов Тимати негізін қалаған Black Star продюсерлік орталығында жылдың үздік қызметкері атанды.
Үздік қызметкер атағы мен сыйлықты астаналық режиссер 18 желтоқсанда алған, бірақ бұл жаңалығын желідегі достарына жуырда ғана жеткізді.
"Мен жылдың үздік қызметкері боламын деп күтпеп едім. Оның үстіне керемет сыйлық алдым! Өте қуаныштымын, сенімдеріңіз үшін рахмет. Мен Black Star басшылығына үлкен алғысымды білдіргім келеді", — деп жазған әлеуметтік желідегі парақшасында Абылай Қайыржанов.