Әлем

Мешіттер әлемдегі мәдени нысандардың үздік ондығына енді

© Sputnik / Анатолий Устиненкомешіт
мешіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Travellers' Choice марапаты аясында 2017 жылдың үздік мәдени нысандары анықталды

АСТАНА, 1 маусым — Sputnik. TripAdvisor туристік қызметі Travellers' Choice марапаты аясында әлемдегі мәдени нысандар арасында 2017 жылдың үздіктерін анықтады, деп жазады ummet.kz. 

Стамбұл - рекадр - Sputnik Қазақстан
Әлем
Түркияда 1380 жылы салынған мешіт табылды

Бірінші орын Камбоджадағы Ангкор-Ват храм кешеніне бұйырған. Екінші орын – Біріккен араб әмірлігі Абу-Даби қаласындағы шейх Зайед мешітіне, үшінші орын – Испаниядағы Кордова орталық мешітіне (Мескита) берілді. 

Төртінші және бесінші орынға Ватикандағы қасиетті Петр шіркеуі мен Үндістандағы Тәж-Махал кешені лайық деп танылды. 

Рейтингтің алтыншы қатарына Санкт-Петербургтағы Спас шіркеуі жайғасты. Сонымен қатар, әлемнің әдемі мәдени нысан ондығына Ұлы Қытай қорғаны, Перудағы Мачу-Пикчу, Испаниядағы орталық алаң және миландық Дуомо шіркеуі енген. 

Рейтинг жасаған кезде TripAdvisor желісіндегі мәдени нысандар туралы пікірлер саны мен көрсеткіштері есепке алынған.


Жаңалықтар
0