https://sputnik.kz/20211117/Zhambyl-oblysy-zhel-video-18682862.html
Жамбыл облысында қатты жел ағаштарды құлатып, үйлердің шатырын ұшырды - видео
Жамбыл облысында қатты жел ағаштарды құлатып, үйлердің шатырын ұшырды - видео
Sputnik Қазақстан
17 қарашада Жамбыл облысында ауа-райы күрт нашарлап кетті. Осыған байланысты өңірде кейбір тас жолдар жабылды. Ал полиция алыс сапарға шықпауға кеңес берді... 17.11.2021, Sputnik Қазақстан
2021-11-17T15:24+0500
2021-11-17T15:24+0500
2022-02-02T09:48+0500
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/11/18682505_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_dc95b8e8a9cebeb6773d35b1a41bd3bd.jpg
тараз
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/11/18682505_325:0:1765:1080_1920x0_80_0_0_025ce1e8044a9aad9f2f88f012474f5e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мультимедиа, тараз, жамбыл облысы
мультимедиа, тараз, жамбыл облысы
Жамбыл облысында қатты жел ағаштарды құлатып, үйлердің шатырын ұшырды - видео
15:24 17.11.2021 (жаңартылды: 09:48 02.02.2022) 17 қарашада Жамбыл облысында ауа-райы күрт нашарлап кетті. Осыған байланысты өңірде кейбір тас жолдар жабылды. Ал полиция алыс сапарға шықпауға кеңес берді. Таразда қатты жел электр желілерді зақымдап, ағаштарды құлатты
Қазіргі кезде тас жолдарда полиция кезекшілік атқарып жүр. Олар алыс жолға шыққандарды кері қайтарып жатыр.
"Азаматтарды ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, көлікпен ұзақ сапарды алдын ала жоспарлауға және құтқару қызметінің хабарламаларына назар аударуға шақырамыз. Ал ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шықпаған дұрыс. Ондайда көліктің балама түрін пайдаланған жөн", - дейді тәртіп сақшылары.
Таразда алапат дауыл көтерілді. Салдарынан тұрғын үйлерде жарық өшті. Мамандардың айтуынша, стратегиялық маңызы бар нысандарда автономды энергия көздері қарастырылған.
Қазгидромет ауа-райына байланысты Жамбыл облысында дабылды ескерту жариялаған. 17 қарашада Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және таулы аудандарында қалың қар жауады. Солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ мен жаяу бұрқасын болады. Ал желдің екпіні секундына 23-28 метрге, кей кезде 30 метрге дейін жетеді.