Видео

Жамбыл облысында қатты жел ағаштарды құлатып, үйлердің шатырын ұшырды - видео

Жазылу
17 қарашада Жамбыл облысында ауа-райы күрт нашарлап кетті. Осыған байланысты өңірде кейбір тас жолдар жабылды. Ал полиция алыс сапарға шықпауға кеңес берді. Таразда қатты жел электр желілерді зақымдап, ағаштарды құлатты

Қазіргі кезде тас жолдарда полиция кезекшілік атқарып жүр. Олар алыс жолға шыққандарды кері қайтарып жатыр. 

"Азаматтарды ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, көлікпен ұзақ сапарды алдын ала жоспарлауға және құтқару қызметінің хабарламаларына назар аударуға шақырамыз. Ал ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шықпаған дұрыс. Ондайда көліктің балама түрін пайдаланған жөн", - дейді тәртіп сақшылары.

© SputnikТаразда дауыл тұрып, тұрғындарды әбігерге салды
Жамбыл облысында қатты жел ағаштарды құлатып, үйлердің шатырын ұшырды - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2021
Таразда дауыл тұрып, тұрғындарды әбігерге салды

Таразда алапат дауыл көтерілді. Салдарынан тұрғын үйлерде жарық өшті. Мамандардың айтуынша, стратегиялық маңызы бар нысандарда автономды энергия көздері қарастырылған.

© SputnikТаразда қатты дауылдан ағаштар құлады
Жамбыл облысында қатты жел ағаштарды құлатып, үйлердің шатырын ұшырды - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2021
Таразда қатты дауылдан ағаштар құлады

Қазгидромет ауа-райына байланысты Жамбыл облысында дабылды ескерту жариялаған. 17 қарашада Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және таулы аудандарында қалың қар жауады. Солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ мен жаяу бұрқасын болады. Ал желдің екпіні секундына 23-28 метрге, кей кезде 30 метрге дейін жетеді.

Жаңалықтар
0