Видеодан мұздық бетінің жарылғанын көруге болады. Бұл жерден шамамен 20 шақырым қашықтықта британдық "Галлей" зерттеу станциясы орналасқан.
Ұлыбританияның Антарктика қызметі мұзтаудың қайраң мұздығынан бөлінуін он жылға жуық уақыт күткендерін хабарлады – сол кезде онда алғашқы жарықшақтар пайда болған. Ғалымдар бұл әлемдегі ең үлкен мұзтау екенін мәлімдеді.
Қазір мұзтау солтүстік-шығысқа жылжып, мұхиттағы тұрақты теңіз мұзының шетіне жетті. Мұзтау кемелерге қауіп төндіретіндіктен бақылауда болады.
Бұл видео мұзтаудың үстімен ұшып бара жатқан ұшақта түсірілген!