Видео

Антарктидадан үлкен айсберг бөлінді – видео

Жазылу
НовостиTelegram
Брант қайраң мұздығынан мұзтау бөлініп шықты. Оның көлемі 1270 шаршы шақырымға бағаланып отыр. Ол биіктіктен қалай көрінетінін тамашалаңыз!

Видеодан мұздық бетінің жарылғанын көруге болады. Бұл жерден шамамен 20 шақырым қашықтықта британдық "Галлей" зерттеу станциясы орналасқан.

Ұлыбританияның Антарктика қызметі мұзтаудың қайраң мұздығынан бөлінуін он жылға жуық уақыт күткендерін хабарлады – сол кезде онда алғашқы жарықшақтар пайда болған. Ғалымдар бұл әлемдегі ең үлкен мұзтау екенін мәлімдеді.

Қазір мұзтау солтүстік-шығысқа жылжып, мұхиттағы тұрақты теңіз мұзының шетіне жетті. Мұзтау кемелерге қауіп төндіретіндіктен бақылауда болады.

Бұл видео мұзтаудың үстімен ұшып бара жатқан ұшақта түсірілген! 

  

Жаңалықтар
0