19:01 26 Ақпан 2021
Тікелей эфир
  • USD414.77
  • EUR506.81
  • RUB5.64
Видео

Алматы емханаларына Sputnik V вакцинасының екінші дозасы жеткізілді – видео

Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (102)
42 0 0
© Sputnik

"Спутник V" вакцинасының екінші компоненті Алматыға жеткізілді. Оны мұздатқыш көлігімен оңтүстік астананың қалалық емханаларына алып барды

Препараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы мұз жәшіктер қолданылады.

Вакцина Алматыға 19 ақпан, жұма күні астанадан ұшақпен жеткізілді. 1 750 дозаның салмағы 114 килограммды құрады. Вакцина 350 қорапқа салынған. Оның әрқайсысында бес доза вакцина бар. "Спутник V" бұған дейін препараттың алғашқы дозасын салдырған дәрігерлерге егіледі.

"2 ақпаннан бастап біз 1 750 медицина қызметкеріне вакцина салдық. 22 ақпаннан бастап, 21 күннен кейін біз екінші компонентімен вакциналаймыз. Вакциналау бірінші компонент салынған Алматы қаласындағы 15 емханада жүргізіледі", – деді қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің штаттан тыс маманы Эльвира Ибрагимова.

Вакцина дозалары №7 қалалық клиникалық аурухананың орталықтандырылған қоймасында -22 градус температурада мұздатқышта сақталды. Ал препараттар қоймадан медициналық мекемелерге температурасы -18 градус болатын мұздатқыш машинамен жеткізілді. Мұндай температураны ұстап тұру үшін вакцина арнайы термоконтейнерде тасымалданады. 

Емхана қызметкерлері вакцинаны барлық санитарлық талаптарға сай қабылдап алды. Медициналық ұйымдар қажетті қондырғы – мұздатқыш камералармен жабдықталған.

"Біз алдымен бес адам жинап, олар вакцина салуға дайын болғанда ғана қорапты ашамыз", – дейді Ибрагимова.

Айта кетейік, вакциналаудың  алғашқы кезеңінде 1 715 адамға екпе егілді. 55 адамға медициналық себептерге байланысты салынбадығ тағы үш адам вакцинадан бас тартты.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (102)
Кілт сөздер:
коронавирус, екпе, вакцина
Загрузка...

Басты тақырып