Препараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы мұз жәшіктер қолданылады.
Вакцина Алматыға 19 ақпан, жұма күні астанадан ұшақпен жеткізілді. 1 750 дозаның салмағы 114 килограммды құрады. Вакцина 350 қорапқа салынған. Оның әрқайсысында бес доза вакцина бар. "Спутник V" бұған дейін препараттың алғашқы дозасын салдырған дәрігерлерге егіледі.
"2 ақпаннан бастап біз 1 750 медицина қызметкеріне вакцина салдық. 22 ақпаннан бастап, 21 күннен кейін біз екінші компонентімен вакциналаймыз. Вакциналау бірінші компонент салынған Алматы қаласындағы 15 емханада жүргізіледі", – деді қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің штаттан тыс маманы Эльвира Ибрагимова.
Вакцина дозалары №7 қалалық клиникалық аурухананың орталықтандырылған қоймасында -22 градус температурада мұздатқышта сақталды. Ал препараттар қоймадан медициналық мекемелерге температурасы -18 градус болатын мұздатқыш машинамен жеткізілді. Мұндай температураны ұстап тұру үшін вакцина арнайы термоконтейнерде тасымалданады.
Емхана қызметкерлері вакцинаны барлық санитарлық талаптарға сай қабылдап алды. Медициналық ұйымдар қажетті қондырғы – мұздатқыш камералармен жабдықталған.
"Біз алдымен бес адам жинап, олар вакцина салуға дайын болғанда ғана қорапты ашамыз", – дейді Ибрагимова.
Айта кетейік, вакциналаудың алғашқы кезеңінде 1 715 адамға екпе егілді. 55 адамға медициналық себептерге байланысты салынбадығ тағы үш адам вакцинадан бас тартты.