НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Токио Олимпидасында үш қарғып секіруден іріктеу сайыстары өтті. Оған үш қазақстандық спортшы қатысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Іріктеуге үш қазақстандық спортшы қатысты. Олар – Ольга Рыпакова, Мария Овчинникова және Ирина Эктова. Соңғы екі атлетіміз 13,34 метр және 12,90 метрге секірді. Ал 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың үздік көрсеткіші – 13 метр 69 сантиметр. Осылайша, үшеуі де финалға өте алмады.
Айта кетейік, 2012 жылы Лондон Олимпиадасында Ольга Рыпакова 14 метр 98 сантиметрге секіріп, алтын медаль жеңіп алған болатын. Ал 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысып, 14 метр 74 сантиметрмен қола жүлдеге қол жеткізген. Сол кезде колумбиялық Катерин Ибаргуэн алтын алып кетті. Ол 15,17 метрге секірді. Ал Венесуэладан келген 20 жастағы Юлимар Рохас 14,98 метрді еңсерді. Осы екі спортшы Токио Олимпиадасына да келді.