Спорт

"Мен үшін ең әдемі ту ұстаушы": Рыпакованың киім үлгісі  көпшілікті тәнті етті

© Photo : Пресс-служба НОК КазахстанаОльга Рыпакова на церемонии открытия Олимпиады
Ольга Рыпакова на церемонии открытия Олимпиады - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2021
Жазылу
Киім үлгісін дайындауға Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің мамандары атсалысты

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Қазақстан құрамасы Токиодағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында жанкүйерлерді тамсандырды. Қамшыбек Қоңқабаевпен бірге еліміздің туын көтеріп шыққан Ольга Рыпакованың киім үлгісін көпшілік жылы қабылдады. 

© AFP 2024 / BEN STANSALLОлимпиада стадионындағы Қазақстан құрамасы
Мен үшін ең әдемі ту ұстаушы: Рыпакованың киім үлгісі  көпшілікті тәнті етті - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2021
Олимпиада стадионындағы Қазақстан құрамасы

Олимпиаданың ресми түрде ашылуына бірнеше күн қалғанда Forbes шолушысы команданың формасын ең стильді киім үлгілері қатарына жатқызған болатын, деп жазды Olympic.kz. 

Жанкүйерлер мен көрермендер үшін ту ұстайтын спортшыларға арнайы тігілген киім тосынсый болғаны анық.

© Photo : Пресс-служба НОК КазахстанаОльга Рыпакова мен Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада ауылында
Мен үшін ең әдемі ту ұстаушы: Рыпакованың киім үлгісі  көпшілікті тәнті етті - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2021
Ольга Рыпакова мен Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада ауылында

Қазақстан командасы боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлет Ольга Рыпакова бастап шықты. Олардың киім үлгілері Ұлттық Олимпиадалық комитеттің тапсырысы бойынша арнайы тігілді. Киім үлгісін дайындау барысына Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің мамандары атсалысса, дизайн және киімді тігумен танымал алматылық модельер Виолетта Иванова айналысты.

Әдемі көйлек Ольга Рыпакованың ажарын одан әрі аша түсті. Шетелдік жанкүйерлер де олимпиада чемпионының киім үлгісін жоғары бағалап, мақтау сөздерін жаудырып жатыр. 

"Олимпиадашылар костюмінің ішіндегі ең әдемісі. Мен Жапонияданмын. Сіздің командаңызға ойында сәттілік тілеймін". 

© Olympic.kzСкриншот - Желідегі жазба
Мен үшін ең әдемі ту ұстаушы: Рыпакованың киім үлгісі  көпшілікті тәнті етті - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2021
Скриншот - Желідегі жазба

"Мен Италияданмын. Бұл қыз мен үшін ең әдемі ту ұстаушы". 

"Ол керемет. Атын білсе бола ма?".

Сондай-ақ, жанкүйерлер ҰОК Instagram парақшасының Direct-не тоқтаусыз жазып жатыр.

"Сондай әдемі! Көптеген жапон осылай ойлайды". 

​Одан бөлек, біздің спортшылар мен ту ұстаушылар олимпиадашылар шеруіне дейін де, кейін де көпшілік назарында болды. Олимпиадалық ауылдағылардың барлығы дерлік біздің Рыпакова және Қоңқабаев сынды спортшыарымызбен суретке түсуге асықты. 

Жаңалықтар
0