Спорт

Токио Олимпиадасы: Елена Рыбакина жартылай финалға шықты

© REUTERS / SARAH MEYSSONNIERЕлена Рыбакина
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2021
Жазылу
Жартылай финалда қазақстандық теннисші Елена Рыбакина швециялық Белинда Бенчичпен кездеседі деп күтілуде

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасында төртінші қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ширек финалда Рыбакина испаниялық теннисші Гарбинье Мугуруспен кездесті. Қазақстандық спортшы бірінші сетте 7:5 есебімен қарсыласынан басым түсті. Ал екінші сетте қарсыласын 6:1 есебімен жеңіп кетті. Теннисшілер бұл партияны 1 сағат 33 минут ойнады. Жартылай финалда қазақстандық теннисші швециялық Белинда Бенчичпен кездеседі.

Бұған дейін Рыбакина австралиялық Саманта Стосур, швециялық Ребекка Петерсон мен хорватиялық Донна Векичті жеңген болатын.

Оқи отырыңыз: Олимпиадада бірнеше боксшы жеңілді: құраманың бас бапкері қалай түсіндірді

Айта кетейік, Елена Рыбакинадан басқа қазақстандық теннисшілердің барлығы жекелеген сындардан шығып қалды. Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова аптап ыстық пен күн өту салдарынан жарысты жалғастыра алмаса, Зарина Диястың жарақаты ойыннан шығуына себеп болды. Александр Бублик бірінші раундта ресейлік Даниил Медведевке есе жіберіп қойды. Ал Михаил Кукушкин бүгін беларус Илья Ивашкодан ұтылды. Жалпы, осы жолы қазақстандық теннисшілер 8 бірдей лицензия иеленді. Токиоға 7 спортшы аттанды.

Бүгін жұптық жарыстар басталды. Кортқа Ярослава Шведова мен Андрей Голубев шығады. Олар жапониялық жұп – Ена Шибахара мен Бен МакЛахланмен күш сынасып көреді.

 

Жаңалықтар
0