Спорт

Олимпиадада бірнеше боксшы жеңілді: құраманың бас бапкері қалай түсіндірді

© REUTERS / LUIS ROBAYOБокс на Олимпиаде в Токио
Бокс на Олимпиаде в Токио - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2021
Жазылу
Токио Олимпиадасында Василий Левит, Бекзад Нұрдәулетов, Абылайхан Жүсіпов пен Серік Теміржанов сәтисіз өнер көрсетті

АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Қазақстанның бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Ғалым Кенжебаев Токио Олимпиадасының 1/8 финалында әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетовтің ресейлік боксшы Имам Хатаевтан жеңілу себебін айтты.

Сондай-ақ Абылайхан Жүсіпов, Серік Теміржанов пен Василий Левиттің жеңілісіне қатысты түсініктеме берді, деп жазды Sports.kz.

"Бекзад төрешілер есептеген соққыларды өткізіп алды. Жекпе-жек қиын болды. Бірінші кезеңді өткізіп алды, екінші кезеңде жеңіске жетті, үшінші кезеңде тең дәрежеде өтті. (...) Ресейлік – Бекзадтың айтулы қарсыластарының бірі. Әрине, мұнда оңай қарсылас жоқ. Осы жекпе-жек үшін қатты уайымдадым", - дейді жаттықтырушы.

Оның сөзінше, Бекзад жанынан келген соққыларды байқамаған, оған оң қолын бақылауда ұстауы керек еді.

Ғалым Кенжебаев Василий Левиттің жеңілісі туралы да айтты.

"Болары болды. Соққы өткізіп алды. Иорданиядағы турнирден кейін ол қалыпқа келе алмады. Физикалық және психологиялық тұрғыдан да әсері болды", - дейді бапкер.

Абылайхан Жүсіповте қарсылысынан ұтылған болатын. Бапкердің айтуынша, спортшылар тырысса да, соққы өткізіп алып отырды.

"Серік өз боксын, қолынан не келетінін көрсетті. Серік әлі мұндай спортшылармен бәсекелесетін деңгейде емес. Ол 57 келі салмақта шығады. Өткен жылы Қазақстан чемпионы атанды, бірақ салмақ дәрежесі өте қиын", - деді бапкер Серік Теміржановтың жекпе-жегі жайлы.

Айтуынша, алаңға шығатын өзге де спортшылар кездесулерге дайын.

Токио Олимпиадасында әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов алғашқы жекпе-жекте ұтылды. 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша өткен кездесуде қазақстандық боксшыға қарсы ресейлік Имам Хатаев шықты.

Төрешілер шешімімен ресейлік боксшы жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 1:4.

91 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық Василий Левит испаниялық боксшы Эммануэль Рейеспен шықты. Алғашқы раунд испаниялық боксшының пайдасына шешілді. Ал екінші раундтың басында Левит қарсыластың сериялық соққысынан кейін нокаутқа түсіп қалды.

Ал Серік Теміржанов екінші айналымда америкалық боксшы Дюк Раганмен кездесті. Бірінші раунд қарсыластың пайдасына шешілді. Ал екінші раундта екі төреші ғана қазақстандық боксшыға жоғары ұпай берді. Үшіншіде Теміржанов тағы есе жіберіп қойды. Қорытынды есеп – 0:5.

Жаңалықтар
0