Спорт

Головкин жеңілістен кейінгі алғашқы жекпе-жегіне қарсылас таңдады

© AP Photo / John LocherГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін ұлыбританиялық Каллум Смитке қарсы өткізуі мүмкін

АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин "Канелодан" жеңілгеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегіне қарсылас таңдады.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин-Чарло жекпе-жегі өте ме? GGG-дің промоутері жауап берді

Қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлердің айтуынша, Головкин келесі жекпе-жегін Ұлыбританияда жергілікті боксшы, WBA (Super) тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Каллум Смитке қарсы өткізуі мүмкін.

"GGG қайда барса да, танымал болады. Ол Ұлыбританияда Келл  Брукпен жұдырықтасты. Оның ашық жаттығуына төрт мың жанкүйер келді! Британиялық фанаттар оны жақсы көреді. Қазір Каллум Смит бабында. Кіші Крис Юбэнк Джеймс Дигейлмен жұдырықтасады… Ұлыбританияда танымал боксшы көп. Сондықтан мұнда қайта оралу Геннадий үшін әрқашан қызықты", — деп sports.kz Леффлердің сөзінен үзінді келтірді.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин Брукпен 2016 жылдың қыркүйегінде Лондонда айқасты. Бұл жекпе-жектің бесінші раундында Геннадий техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 


Жаңалықтар
0