Спорт

Жаңа әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

© Sputnik / Тимур БатыршинГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлем чемпионы титулының иегері Деметриус Андраде Головкинмен жекпе-жекке шығуы мүмкін екенін айтып өтті

АСТАНА, 22 қазан — Sputnik. WBO бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы Деметриус Андраде қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекке шығуы мүмкін екенін айтты.

Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Спорт
Аңызға айналған боксшы Головкин –"Канело" жекпе-жегінде кім жеңгенін айтты

Sports.kz хабарлағандай, Андраде аузына келгенін сөйлеп, ойын ашық жеткізген. Сондағы айтқысы келгені мынау екен: Головкин одан жеңіліп қалғысы келсе, сондай мүмкіндікке ие болады.

Естеріңізге сала кетсек, Деметриус Андраде Уолтер Каутондоквaға (Намибия) қарсы кездесуде төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетіп, WBO белбеуін иеленген. Жекпе-жек барысында африкалық төрт рет нокдаунға түсіпті, соған қарамастан Андраде кездесуді мерзімінен бұрын аяқтай алмаған.

Бұдан бұрын Деметриус қазақстандық боксшымен кездескісі келетінін мәлімдеген болатын, бірақ ол кезде WBA Super, WBC, IBF және IBO белбеулерінің иегері еді.

Жаңалықтар
0