АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Супер ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы америкалық Джордж Форман Sirius XM Boxing радиошоуында қонақта болып, Геннадий Головкин мен "Канело" Альварестің екінші жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.
Радио жүргізушісі аты аңызға айналған боксшы Джордж Форманнан Головкин мен Альварес арасында болған жекпе-жекте кім жеңгенін сұрады. Бұл туралы Sports.kz сайты жазды.
"Тамаша жекпе-жек болды. Головкин жеңді. Африкада Мұхаммед Әлимен жұдырықтасқан кезімде алтыншы раундтан кейін джебтер есебінен ұпай саны бойынша жеңе бастадым. Ол не істей алатын еді? Головкиннің жоспары — шаршы алаңға шығып, Альваресті нокаутқа түсіру болуы керектігін білесіздер ме? Ол — жаңа мыңжылдықтағы Шугар Рэй Робинсон. Алайда ол бұл жекпе-жекте бұған лайық болмады. Қолынан келсе, Альвареске өзінің бет-әлпетін зақымдауға мүмкіндік бермеуі керек еді", — деді ол.
Әрі қарай Джордж Форман төрешілердің бұл жекпе-жекке әділ баға бермегенін айтты. Сондай-ақ, ол аталған жекпе-жекке қатысты іштегі өкінішін жеткізді.
Головкин WBC рейтингінде бірінші орынға жайғасты
"Және бұл төрешілер жекпе-жекті дұрыс бағалай алмайды. Головкинге ұпай саны бойынша жеңісті берсе, әділетті болатын еді. "Канело" оны баяулатып жіберді. Ол оны денесінен ұрып ұпай жинады. Әлбетте Геннадий дәл сондай жауап қайырды. Алайда оның бұл әрекеті — билетті сатып алған бағаға лайық болмады. Мен бұл билетті Головкиннің Канелоны қалай соққы астына алатынын көрі үшін алдым. Бірақ бұл болмады", — деді әйгілі боксшы.