11:34 26 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Ғарыш
Қысқа сілтеме алу
55701

Алдын ала мәлімет бойынша қозғалтқыштар істен шыққан, экипаж мүшелері аман, олар байланысқа шықты

АЛМАТЫ, 11 қазан — Sputnik. Байқоңырда "Союз" зымыранын ұшыру кезінде апат болды. Бұл туралы тікелей трансляция кезінде диктор хабарлады. 

"Зымыран-тасығыш апатқа ұшырады", — деп хабарлады диктор.

Алдын ала мәліметтер бойынша, екінші деңгейдегі қозғалтқыштар істен шыққан. Экипаж мүшелері  — ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг аман. 

НАСА-ның Twitter-дегі ресми ақапартына сәйкес, экипаж апаттық түсу көмегімен жерге қайтып келеді. Іздестіру-құтқару командасы ғарыш кемесі мен экипаждың қонатын жеріне бара жатыр. 

Соңғы мәліметтер бойынша экипаж байланысқа шықты. 

"Союз МС-10" экипажы Халықаралық ғарыш станциясына бара жатқан, олар орбитада 187 тәулік болуы тиіс еді. 

Кілт сөздер:
ғарышкер, зымыран, апат, Байқоңыр
Загрузка...

Басты тақырып