Қоғам

Депутаттар біркүндік жалақысын жаңа қорға аударды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги тенге монеты
Деньги тенге монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2022
Жазылу
"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырамасымен құрылды
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Сенат пен мәжіліс депутаттары "Қазақстан халқына" қорына біркүндік жалақысын аударды, деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметі.
"Сенат пен мәжіліс депутаттары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорын құру туралы бастамасын қолдап, бір күндік жалақыларын осы қорға аударды", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырамасымен құрылды.
Осы ұйым денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт және әлеуметтік қолдау саласында нақты проблемаларды шешумен айналысады. Сондай-ақ, қаза болған полицейлер мен әскерилердің отбасыларына көмек көрсетеді.
Қамқоршылық кеңесінің құрамына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, қоғам өкілдері, меценаттар және басқа да беделді азаматтары енді.
"Қазақстан халқына" қорының реквизиттері:
- ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, "Қазақстан халық банкі" АҚ;
- ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ52722S000011856768 KZT, "Kaspi Bank" АҚ.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0