Қоғам

Қазақстанда мұғалімдер мен тәрбиешілердің жалақысы тағы өсті

© Photo : Pixabay / JESHOOTS-comДеньги, кошелек, компьютер, иллюстративное фото
Деньги, кошелек, компьютер, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2022
Жазылу
Педагогтардың жалақысы оқу жүктемесіне, білім деңгейіне, біліктілігіне, жұмыс өтіліне магистр және басқа да қосымша ақыға қарай есептеледі
 
НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар — Sputnik. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап балабақша тәрбиешілері, мектеп пен колледж мұғалімдері, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесіндегі мамандардың жалақысы тағы 25%-ке көбейді. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі хабарлады.
"Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап президент Тоқаев тапсырмасына сәйкес барлық педагог жоғарылатылған жалақы алады", – деп атап өтті бірінші вице-министр Шолпан Каринова.
Ол жалақымен бірге мұғалімдер алатын қосымша төлемдер де артатынын айтты. Бұл біліктілік санаты үшін (лауазымдық жалақының 30%-нен 50%-не дейін), магистр дәрежесі, пәнді ағылшын тілінде жүргізгені, дәптер тексергені, сынып жетекшілігі және тәлімгерлік үшін төленетін үстемеақылар болып отыр.
"Біз мұғалімдердің жалақысын көтерудің сөзсіз оң әсерін көріп отырмыз: осы салаға – педагог кәсібіне қазіргі таңда нағыз үздіктер келіп жатыр. Педагогикалық мамандыққа оқуға түсетіндердің ҰБТ-дағы орташа балы айтарлықтай өсті және "Алтын белгі" иегерлерінің саны бірнеше есеге көбейді", - деп санайды білім және ғылым вице-министрі.
Педагогтардың жалақысы оқу жүктемесіне, білім деңгейіне, біліктілігіне, жұмыс өтіліне магистр және басқа да қосымша ақыға қарай есептелетінін атап өту керек.
Естеріңізге салсақ, 2021 жылы магистрлік дәреже үшін үстемақы алушылар аясы кеңейді. Негізінен әдістемелік кабинеттердің әдіскерлеріне магистр дәрежесі үшін қосымша ақы белгіленді. Сондай-ақ сабақтан тыс уақытта қосымша спорт секцияларын өткізгені үшін дене шынықтыру мұғалімдеріне төлемдер қарастырылған.
Сонымен қатар кітапханашылар, бухгалтерлер, зертханашылар және білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің жалақысы өсті. 2022 жылдың қаңтарында олардың жалақысы орта есеппен алғанда 20%-ке артады және ары қарай жыл сайын өседі деп көзделуде. Бұл туралы президент жолдауында айтылды.
Педагогтардың жалақысы 2020 жылдың қаңтарында 25%-ке және 2021 жылдың қаңтарында тағы 25%-ке өскен болатын.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0