Экономика

Жаңа жылдан бастап қанша қазақстандықтың табысы көбейеді

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2022
Жазылу
2022 жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік міндеттемелерді орындауға төрт триллион теңге бөлінеді
НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар – Sputnik. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы, күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш өседі. Осыған байланысты 6,7 миллион адамның табысы артады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Үкіметтің негізгі мақсаты – халықтың өмір сүру деңгейін төмендетпеу. Сол себепті ең төменгі күнкөріс деңгейі мен АЕК мөлшері инфляцияға қарай, жыл сайын көтеріліп тұрады.
Биыл осы өлшемдер тағы 5 процентке индексацияланады. Соның нәтижесінде ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңге, ал айлық есептік көрсеткіш 3 063 теңге болды.
2022 жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік міндеттемелерді орындауға 4 триллион теңге бөлінеді. Соның ішінде зейнетақы мен барлық әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін индексациялауға 190,4 миллиард теңге қарастырылған. Соның нәтижесінде 4,2 миллион адамның табысы артады.
Олар:
  • 2,3 миллионға жуық зейнеткер, олардың ынтымақты зейнетақы мөлшері 7 процентке және базалық зейнетақы төлемі 5 процентке көбейеді;
  • 1,9 миллион адамның әлеуметтік жәрдемақысы 5 процентке көтеріледі;
  • атаулы әлеуметтік көмек алатын 900 мыңнан астам адамның кірісі өседі.
Бұдан бөлек, ең төмен жалақы 42,5 мың теңгеден 60 мыңға дейін көтерілді. Ал Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс берушілер еңбекақыны ең төмен жалақыдан кем емес деңгейде төлеуге міндетті.
Оқи отырыңыз: Балаға берілетін жәрдемақы – 2022: кімге, қалай және қанша төленеді?
Еңбек министрлігінің ақпаратынша, бұл шараның арқасында әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,6 миллион адамның ақшалай табысы өседі.
Мұғалімдер, медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы да ұлғаяды.
Сондай-ақ 2022 жылдан бастап мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық қызметкерлер және тағы басқа мамандардың, шамамен 588 мың адамың жалақысы өседі. Жалпы 1,2 миллионға жуық азаматтық қызметшінің айлығы көбейеді.
Жаңалықтар
0